Доллар бағасы тағы қымбаттап, 496 теңгемен саудалануда

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,90 теңгеге өскен.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 490, 43 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 2 наурыздағы ресми бағамы - 487,75 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 492, 45теңге, сатып алу - 496,02 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 492,81 теңгеден болса, сатып алу құны - 494,78 теңге.
Соңғы жаңалықтар