Доллар бағасы тағы қымбаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 0,22 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 430,57 теңге болды.

Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар - 430,39 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 431,84 теңгеден сатылса, сатып алу - 430,34 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 431,28 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 430, 24 теңге.


Соңғы жаңалықтар