Доллар бағасы қайта қымбаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 20 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,61 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 434, 85 теңге болды.

Ұлттық банктің 21 қаңтардағы ресми бағамы -1 доллар үшін 434, 24 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436, 92 теңгеден сатылса, сатып алу – 437,50 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436, 47 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 437,50 теңге.


Соңғы жаңалықтар