Доллар бағасы екінші күн қатарынан өсіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 17 қараша кешімен салыстырғанда 0, 73 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 431, 48 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 430, 74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 432,05 теңгеден сатылса, сатып алу – 433, 03 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 431,76 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 433, 00 теңге.

Кешегі мәлімет бойынша Қазақстан қор биржасында бір доллардың бағасы 430 теңгеден асқан еді.


Соңғы жаңалықтар