Доллар бағасы бесінші күн қатарынан өсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 8 сәуір кешімен салыстырғанда 0,04 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 433,04 теңге болды.

Ұлттық банктің 9 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 432,94 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 434,22 теңге сатылса, ал сатып алу - 432,68 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 433,54 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 432, 30 теңге

Бұған дейін, Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директоры Нұржан Тұрсынханов теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді.

https://kaz.inform.kz/news/tengenin-alsireuine-ne-sebep-kr-ulttyk-banki-okilinin-zhauaby_a3773410


Соңғы жаңалықтар