Доллар бағасы 1 теңгеге жуық арзандады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469,5 – 473,5 теңгеден сатылып жатыр. Алматыда 470– 475 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kurs.kz дерегіне сілтеме жасап.

6 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,99 теңгеге төмендеп, 469, 04 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 468, 75 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұған дейін доллар құны үшінші күн қатарынан төмендеп жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар