Доллар бағамы екінші күн қатарынан төмендеді-KASE

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 361,07 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 1,11  теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 360 теңге, ал ең жоғарысы - 362 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 80,55 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 362,18 теңге, күндізгі сессияда 361,35 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 361,66 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 121,3 млн долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар