Доллар бағамы арзандады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 475- 480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 – 481 теңгеден ұсынылып отыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 476– 480 теңге аралығында құбылып тұр.

3 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 02 теңгеге төмендеп, 475, 51 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 4 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 475, 51 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар