Доллар бағамы 462 теңгеге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде сәрсенбімен салыстырғанда доллар бағамы бірден 10 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 456 - 458 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 456 - 462,50 теңге аралығында құбылып тұр.

22 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 6,04 теңгеге қымбаттап 454,36 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 454, 11 теңге.


Соңғы жаңалықтар