Доллар бағамы 400 теңгеден төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – KASE-де доллар бағамы наурыз айынан бері бірінші рет 400 теңгеден төмен түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Таңертеңгі сессияның қорытындылары бойынша, KASE-де доллардың орташа бағамы 396,77 теңгені құрады.

Бұл алдыңғы күн кешіне қарағанда 5,5 теңгеге аз: бұл күні америкалық валюта 402,27 теңгеге сатылған.

Атап өтейік, Қазақстанда осындай көрсеткіштер соңғы рет наурыз айында белгіленген.

Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласының валюта айырбастау пунктерінде доллар 399-404 теңгеге сатылып, 395-400 теңгеге сатып алынуда.


Соңғы жаңалықтар