Доллар бағамы 343 теңге болды - KASE

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 343,14 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,09 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 342,9 теңге, ал ең жоғарысы 343,5 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 43,25 млн долларға жетті.

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 343,23 теңге, күндізгі сессияда 343,58 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 343,48 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 92,8 млн долларды құрады.

Еске сала кетейік, Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 0,09 теңгеге, яғни 343,32 теңгеден 343,23 теңгеге дейін төмендеген болатын.

Соңғы жаңалықтар