+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Доллар бағамы 3 күн қатарынан арзандады- KASE

2019 жылғы 14 наурыз 11:14
Бөлісіңіз:
Доллар бағамы 3 күн қатарынан арзандады- KASE

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 377,45 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,24 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 377,3 теңге, ал ең жоғарысы - 377,6 теңге болған. Сауда көлемі 35,04 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 377,69 теңгені, күндізгі сессияда 377,77 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 377,74 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 107,286 млн доллар.

Еске сала кетейік, сейсенбі күні KASE-де АҚШ долларының бағамы 1,83 теңгеге - 379,75 теңгеден 377,92 теңгеге дейін, сәрсенбі күні 0,23 теңгеге - 377,69 теңгеге дейін төмендеген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT