Доллар арзандап келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында доллар теңгеге қарағанда арзандап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі сауда нәтижесі бойынша 4 наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,14 теңгеге, яғни, 419,48 теңгеге дейін арзандады.

ҚР Ұлттық банкінің 5 наурыздағы доллардың ресми бағамы 419,45 теңге болған. Апта басындағыдай емес қазір доллардың курсы тұрақтанған.

Kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыда айырбастау пункттерінде доллар 418,88 теңгеден сатып алынып, 420,47 теңгеден сатылуда.

Нұр-Сұлтандағы бағасы 418,01 теңге 419,15 теңге деңгейінде тұр.


Соңғы жаңалықтар