Доллар арзандады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 8 маусым кешімен салыстырғанда 1, 39 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426, 38 теңге болды.

Ұлттық банктің 9 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,83 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427, 73 теңге, сатып алу – 426, 17 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425, 59 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 426, 72 теңге.


Соңғы жаңалықтар