Доллар 7 теңгеге қымбаттады
2022 жылғы 26 мамыр 15:40

Доллар 7 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7, 22 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 422, 01 теңге. Ұлттық банктің 26 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 415, 12 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 423,75 теңге, сатып алу – 428,69 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 423,34 теңгеден болса, сатып алу құны – 426 теңге.

Бұған дейін АҚШ ақшасы екі күн қатарынан арзандап, қор нарығында 415 теңгеден саудаланған болатын.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT