Доллар 520 теңгеден сатылуда

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4 наурыз кешімен салыстырғанда 1, 92 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 501, 64 теңге болды.
Ұлттық банктің 5 наурыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 499, 20 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 505, 58 теңгеден сатылса, сатып алу – 520 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 515, 45 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 520,47 теңге.


Соңғы жаңалықтар