Доллар 461-467 теңгеден саудаланып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461-467 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461-465 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы 463-467 теңге аралығында құбылып тұр.

16 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге қымбаттап, 465,90 теңге болған.

Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 466,15 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,10 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,95-6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,9-6,2 теңгеден сатылымда.


Соңғы жаңалықтар