Доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459,5– 462 теңгеден сатылуда. Ал Алматыда доллар бағамы 459 – 464 теңге аралығында құбылып тұр.

20 наурыз кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа бағамы 2, 51 теңгеге қымбаттап, 462, 72 теңге болды.

Ұлттық банктің 24 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 36 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,99 теңге.

Алматыда көрші ел валютасы 5,85 – 6,15 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Астанада 5,93 - 6,03 теңгеден ұсынылуда.


Соңғы жаңалықтар