
2022 жылғы 22 маусым 10:23
Доллар 448-452 теңге арасында саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде сейсенбімен салыстырғанда доллар бағамы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5 - 450 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 448 - 452,5 теңге аралығында құбылып тұр.
21 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 4,57 теңгеге қымбаттап, 448,32 теңге болды.
Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 93 теңге.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP