Доллар 416-421 теңге арасында саудалануда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы ақша айырбастау пункттеріндегі мәліметтер бойынша дүйсенбімен салыстырғанда доллар бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 417,5 -419, 5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 416-421,5 теңгеден саудалануда. https://kurs.kz/index.php?mode=almaty

30 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 6,29 теңгеге төмендеп, 427,39 теңге болды.

Ұлттық банктің 31 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 427, 39 теңге.


Соңғы жаңалықтар