Доллар 2,7 теңгеге арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға - 375,49 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,71 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 374,9 теңге, ал ең жоғарысы - 376,1 теңге болған. Сауда көлемі 119,66 млн долларға жетті.

Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 378,2 теңгені, күндізгі сессияда 378,92 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 378,51 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 101,731 млн доллар.

Соңғы жаңалықтар