Доллар 1 теңгеге арзандады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,80 теңгеге арзандады. 1 доллар 448, 19 теңге болды. Ұлттық банктің 14 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 450,17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 452, 78 теңге, сатып алу – 457, 95 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 451, 88 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 455, 70 теңге.

Еске салсақ, кеше доллар ортша 449 теңгеден саудаланған еді.



Соңғы жаңалықтар