+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін арттыру қажет - Президент

2020 жылғы 27 мамыр 12:47
Бөлісіңіз:
Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін арттыру қажет - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысына дәрігерлер жіберіліп, дәрі-дәрмек жеткізіледі - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоқыс үйінділері туралы: Жүйелі жұмыс қажет Президент коронавирусқа қатысты ахуалды жақсартуға Үкіметке екі апта берді

«Ғылыми жетекші орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сонымен қатар докторантураға бөлінетін гранттардың құнын арттыру керектігін баса айтты.

«Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезде стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Сонымен қатар Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастырған жөн. Оның алдағы үш жылға арналған жалпы көлемі 3 млрд теңге болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT