Докторанттардың стипендиясы 82 мыңнан 170 мың теңгеге дейін өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейінгі екі жылда докторанттардың шәкіртақысы 82 мың теңгеден 170 мың теңгеге дейін өскен. Биыл қыркүйек айында оның мқлшері тағы көтерілмек. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы өсті. Мәселен, соңғы екі жылда докторанттардың шәкіртақысы 82 мыңнан 170 мың теңгеге дейін өсті. Биыл қыркүйек айында шәкіртақы көлемі тағы да артады», - деген министр жоғары оқу орнында оқу үшін бөлінетін мемлекеттік білім гранттарының саны 5000-ға артқанын еске салды.

Айтуынша, биыл да грант саны осындай көлемде артады.

«Грант бөлу кезінде «merit based»-ке ғана емес, «need based»-ке де назар аударамыз. Мәселен, алғаш рет квота бойынша білім гранттары жалпы санының 5%-ы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға, 1%-ы толық емес отбасынан шыққан балаларға бөлінеді», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар