DoingBusiness индексін жақсарту үшін бірқатар шара қабылданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан «DoingBusiness» рейтингінде «Халықаралық сауда» индексін жақсарту үшін бірқатар шара қабылдайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «DoingBusiness» рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсарту жөнінде баяндаған ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда және интеграция министрлігі «Халықаралық сауда» индексі бойынша жауапты. Өткен жылы позицияны жақсартуға электрондық кедендік декларациялауды енгізу, кедендік ресімдеу үшін алым ставкаларын төмендету және кедендік бақылауды ресімдеу кезеңінен кеденнен кейінгі бақылауға көшіру шаралар әсер етті. Сонымен қатар, көрсеткіштердің одан әрі жақсаруына қабылданған бірқатар шаралар бірақ әлі ескерілмеген», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, біріншіден, декларация үшін кедендік алымдар ставкаларын, екіншіден, электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мүмкіндігін енгізу шараларын қолға алу керек.

«Бұл жүйе бірнеше минут ішінде төлем жүргізуге және кеден органдарына салықтар мен баждардың аударылуын растауға мүмкіндік береді. Жүйенің тиімділігін экспорттаушылар мен импорттаушылар растайды. Үшіншіден, экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе іске қосылады. Жұмысты 2019 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінде «Бірыңғай терезе» компоненттерін тестілеу жүргізілуде», - деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, бизнес ортаны жақсарту бойынша заңнамалық түзетулердің сегізінші пакетін қалыптастыру аясында министрлік 10-нан астам заңға өзгерту енгізу қажет.

«Қазан айында біз өткізілген реформаларды талқылау және оларды іске асырылған шараларды есепке алу үшін Вашингтон қаласындағы Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен кездесеміз», - деді А.Асқарұлы.


Соңғы жаңалықтар