Doing Business рейтингінде 20 үздік елдің қатарына кіру үшін не істеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанды Doing Business рейтингінде 20 үздік елдің қатарына енгізу үшін тиісті заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнесті ашу және жүргізу үшін әрі қарай жағдайды жақсарту мақсатында Doing Business рейтингінде 20 үздік елдің қатарына кіру үшін бірқатар іс шаралар әзірленуде. Осы мақсаттарды іске асыру үшін тиісті заң жобасы әзірленуде. Заң жобасы бизнес қызметінің түрлі салаларындағы 23 маңызды реформаны қамтитын болады», - деді ол.

Министр кәсіпкерлерді қолдау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, бизнес-омбудсменмен, бизнес қауымдастықтарымен өзара белсенді түрде жұмыс жүргізіліп жатқанын атады.

«Бұл жұмыс Үкімет жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис аясында жүзеге асырылады. Ұлттық экономика министрлігі Шағын және орта бизнес жағдайын белсенді мониторингін жалғастыратын болады», - Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар