«Doing Business» рейтингі: Үздік отызға Қазақстан қалай ілікті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Бизнесті жүргізу 2019: Тренинг және реформалар» атты баяндамада, Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемдегі топ-30 ел қатарына енгізілді.

2018 жылғы 31 қазандағы  Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2019» рейтингі нәтижелеріне сәйкес өзінің рейтингін өткен жылмен салыстырғанда 8 позицияға көтере отырып, Қазақстан 28 орынға орналасты. Рейтингте Қазақстан Испания (30 орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) сияқты елдерді басып озды.Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында Қазақстанкөшбасшы атанды, рейтинг бойынша Россия (31), Беларусь (37), Армения (41) мен Қырғызстан (70) төменірек орналасты.

Doing Business 2019 рейтингінің көш басында Жаңа Зеландия тұр. Мықтылар ондығына Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Грузия, Норвегия, АҚШ, Ұлыбритания, Македония кіріпті. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк Қазақстанды 2017-2018 жылдары үштен аса бизнесті жүргізу жеңілдігі индикаторлары аясында реттеушілік реформалар жүргізген елдер қатарында атап өтті.

 Көрсеткіштер бөлінісінде Қазақстанның позициялары мынадай: 

Көрсеткіштер

DB 2018

DB 2019

Өзгеріс

Кәсіпорын ашу

41

36

+5

Құрылысқа рұқсат алу

52

35

+17

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу

70

76

-6

Меншікті тіркеу

17

18

-1

Несие алу

77

60

+17

Миноритарлық инвесторларды қорғау

1

1

 

Салық салу

50

56

-6

Халықаралық сауда

123

102

+21

Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету

6

4

+2

Төлем қабілетсіздікті шешу

39

37

+2

Жалпы Қазақстан 10 базалық индикаторлар бойынша бағаланды. 10 базалық индикатордың 6-ы бойынша Қазақстан позициясын жақсартқан. Бұла ретте «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан екінші мәрте қатарынан әлемдік көшбасшы болып танылды. Бұнымен қоса, Қазақстан «Халықаралық сауда» (+21), «Несие алу» (+17), «Құрылысқа рұқсат алу» (+17), «Кәсіпорын ашу» (+5), «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (+2) және «Төлембқабілетсіздікті шешу» (+2) индикаторларынан айтарлықтай өсім көрсетті.

Жалпы алғанда, Дүниежүзілік Банк Үкіметтің келесі бағыттағы реформаларын атап өтті:

«Кәсіпорын ашу» (1 реформа)

Бұл ретте еліміздің қосылған құн салығын тіркеуге қажетті уақытты қысқарта отырып, бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдеткеніне назар аударылған.

«Халықаралық сауда» (2 реформа)

Қазақстан «ИЖ АСТАНА-1» кедендік декларация электронды жүйесін енгізу арқылы және кедендік әкімшілік алымдарды қысқарту бойынша халықаралық сауда жүргізуді жеңілдеткен.

«Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (2 реформа)

Елімізде коммерциялық істердегі барлық деңгейде ұсынылған сот шешімдерін көпшілікке қолжетімді етіп, және  жергілікті коммерциялық соттардың қызметінің тиімділігін бағалау туралы есепті жариялап, шарттардың орындалуын қамтамасыз ету оңайлаған. Сонымен қатар, «Салық салу» (-6), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (-6) және «Меншікті тіркеу» (-1) индикаторлары бойынша позициялардың төмендеуі байқалады.

«Меншікті тіркеу»

Қазақстан Doing Business 2018-бен салыстырғанда алдыңғы шектегілермен қашықтығын 0,01 пунктке ұлғайтқан, бұл ретте басқа параметрлер (рәсімдердің саны, уақыты, тіркеу құны) өзгеріске ұшыраған жоқ.

«Салық салу»

Қазақстан Doing Business 2018-бен салыстырғанда алдыңғы шектегілермен қашықтығын 0,19 пунктке ұлғайтқан. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк салық төлеуге кететін уақыттың, төлемдердің санының артуын атап өтті.

«Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу»

Қазақстан Doing Business 2018 салыстырғанда алдыңғы шектегілермен қашықтығын 0,11 пунктке қысқартты. Бірақ Дүниежүзілік электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу құнының 4,3 пайыздық пунктке төмендегенін атап өтті.

Айта кетерлігі, 2017-2018 жылдар аралығында Үкімет  іскерлік ахуалды жақсарту бойынша Қазақстанда бұрын-соңды болмаған түбегейлі реформаларды жүргізген болатын. Үкімет қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсаттама жүйесін жетілдіру, бизнесті ашу рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, елдегі бизнес ахуалды және халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атқарып, нәтижесінде бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша 30 елдің қатарына кірді.

Әрине, бизнесті дамыту үшін нақты жағдайды іс жүзінде жақсарту бағытталған жұмыстар Үкіметтің қабылдаған шараларымен  шектелмейді. Мемлекет басшысының тапсырмаларына бұл істер сәйкес жүйелі негізде жалғастырылатын болады. Ондай нақты міндеттер елбасының Жолдауларында да көрініс тауып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар