Доха-Алматы-Гонконг бағдарымен тұңғыш жүк рейсі ұшырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Доха-Алматы-Гонконг бағдары бойынша тұңғыш рет жүк рейсі жасалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қаңтарында жүк әуе тасымалын дамыту және Қазақстанды ірі авиациялық хаб ретінде қалыптастыру мақсатында аймақта тұңғыш рет Qatar Airways әуе компаниясының Доха-Алматы-Гонконг бағдары бойынша Боинг-777 әуе кемесімен жүк рейсі орындалды», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.

Азаматтық авиация комитеті бұл қадамның Қазақстан үшін маңызы зор екенін алға тартады.

«Жаңа бағыт Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасының мақсаттары мен тапсырмаларына сай келеді. Сонымен бірге, бұл жұмыс біздің ел арқылы транзиттік жүк тасымалынынң өсіміне және экономиканың қажеттілігін қанағаттандыруға оң әсерін тигізеді», - деді комитеттен.

Соңғы жаңалықтар