ДНҚ негізінде жасалған алғашқы коронавирус вакцинасы шұғыл қолдануға дайын
28 мың ерікті қатысқан ІІІ клиникалық сынақтың аралық қорытындысы ПТР-дың оң нәтижесі бар жағдайда бастапқы тиімділігі 66,6%-ға жеткенін көрсетті. Қазіргі кезде бұл Үндістанда COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның ең үлкен сынағы. Бұл вакцина бұрын өткізілген І/ІІ сынақ кезінде өзінің иммуногендігін, төзімділігі және қауіпсіздігі тұрақты екенін көрсетті. І/ІІ және ІІІ клиникалық сынақты Мәліметтер қауіпсіздігіне мониторинг жасау тәуелсіз кеңесі (DSMB) қадағалаған.
1 шілдеде штаб пәтері Ахмедабадта орналасқан ірі DCGI фармацевтика компаниясы вакцинаны шұғыл пайдалануға рұқсат алу үшін өтінім жіберген. Компания вакцинаны қазіргі кезде Үндістанның 50-ден астам орталығында ірі клиникалық сынақтан өткізгенін мәлімдеді.
Енді ZyCoV-D – елде қолдануға рұқсат етілген алтыншы вакцина. Үндістанда Serum Institute-тің Covishield, Bharat Biotech-тің Covaxin, ресейлік Sputnik V, американдық Moderna және Johnson and Johnson вакциналары қолданылып келеді.
Плазмида ДНҚ негізінде әзірленген ZyCoV-D вакцинасын тері астына инесіз инъектордың көмегімен салған жөн.
Zydus Group төрағасы Панкадж Р. Патель (Pankaj R Patel) олардың «қауіпсіз, төзімділігі жақсы әрі тиімді вакцинаны» шығара алғанына дән ризашылығын білдірді.
«Осындай шешуші кезеңде және барлық проблемаға қарамастан әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы ДНК-вакцинасын шығару – үндістан зерттеуші ғалымдарынң еңбегі және олардың жаңашылдық рухы», - деді ол.