Дмитрий Рейхерд жапониядағы әлем кубогы кезеңінде күміске қол жеткізді

None
None
ТАЗАВАКО. ҚазАқпарат -Жапонияның Тазавако аймағында фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінің бірінші жарыс күні аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан командасы бір күміс еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы бәсекеде Дмитрий Рейхерд күміске қол жеткізді. Ол іріктеу сынында төртінші орын иеленсе, финалда 81,62 ұпай жинады. Алтын жүлдені канадалық Майкл Кингсбери, қоланы тағы бір канадалық спортшы Лоран Дюмэ еншіледі.


Соңғы жаңалықтар