USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Дмитрий Петрухиннің жер шарын айналуды көздеген қазақстандық командасы Багам аралдарындағы «Сэнди» дауылына тап болды (ВИДЕО)

2012 жылғы 29 қазан 14:27
Бөлісіңіз:
Дмитрий Петрухиннің жер шарын айналуды көздеген қазақстандық командасы Багам аралдарындағы «Сэнди» дауылына тап болды (ВИДЕО)

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Дмитрий Петрухиннің жер шарын айналуды мақсат тұтқан қазақстандық командасы Багам аралдарындағы «Сэнди» тропикалық дауылына тап болды.

Бұл туралы Д.Петрухиннің сайтынан хабарланды.

Алғашында саяхатшылар Гаитиға бармақшы болды, бірақ басталып кеткен дауыл олардың жоспарларын толық ауыстырды, енді қазақстандық еріксіз тұтқындар Нассау аралында қалып қойды, өйткені дауылдың салдарынан барлық әуе рейстері мен теңіз бағыттары тоқтатылды.

Қазақстандық экспедицияның басшысы Дмитрий Петрухин: «Қала қаңырап қалды. Оған дауыл жақындауда, екі-үш сағаттан кейін мұнда бірнеше сағат бұрын Сантьяго де Куба болған жағдай орын алады», деді.

Дауыл кешке таяу өзінің қиратушылық күшін жинай бастады. Жаңалықтардан тропикалық дауыл жақындап қалғанын естіген жергілікті тұрғындар оған алдын ала дайындалды - түстен кейін астананың көшелері толық қаңырап қалды. Ішетін ас пен суды іздеген біздің саяхатшыларымыз басталған дауылдың дәл ортасына түсті.

Баспаналарына аман-есен жеткен, үсті-бастары су және аш саяхатшылар алай-дүлей апаттан тығылып үлгерді. Ал дауыл болса түнде өзінің күшін жинап, Багам архипелагының барлық аралдарынан өтіп, жолындағылардың барлығын шайып, жойып жіберді. Кейінірек саяхатшылар жергілікті тұрғындардан бұл дауылдың салдарынан алдын ала мәліметтер бойынша жиырмадан астам адам қаза тапқанын білді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT