Дмитрий Медведев коронавирусқа қарсы екпе жасатты

None
None
ГОРКИ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев коронавирусқа қарсы екпе жасағанын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен екі ай бұрын ресейлік вакциналардың бірін алдым», - деді Дмитрий Медведев ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында. Ол белгілі бір препаратты «қандай да бір вакцина басқасынан жақсы деген сезім болмас үшін» атын атамайтынын түсіндірді.

«Вакцинацияның біраз әуресі бар: қан тапсыру керек, денеңіздің қандай күйде екенін және иммундық жағдайыңызды білуіңіз керек (бұл жасқа байланысты, жынысына байланысты, өкінішке орай, ер адамдарға бұл коронавирус инфекциясы ауыр тиеді)», - деді кеңес төрағасының орынбасары.

«Біздің барлық вакциналарымыз тиімді және қабілетті, бірақ егер сіз біреуін таңдасаңыз, дәрігермен кеңесуіңіз керек. Бірақ мұны істеу керек», - деді Медведев.

Ол вакцинацияның қалай өткендігі туралы кейбір мәліметтермен бөлісті.

«Өте тыныш. Салдарсыз», - деді Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Алғашқы болып Қазақстанның Мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният егілді. Ажар Гиният вакцина вирусқа қарсы алғашқы қорғаныс құралы екенін айтты. Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтардың 50%-дан астамын локдаундарсыз өмірге оралу үшін егу қажет екенін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар