+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған жігіт сотталды

2019 жылғы 13 тамыз 11:07
Бөлісіңіз:
Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған жігіт сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлаған Айдос Уәлиевтің бас бостандығы 4 жылға шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Ұқсас жаңалықтар

№2 Алмалы аудандық сотының судьясы Кәмшат Сәуірова Айдос Уәлиевті ҚР ҚК 188-бабы бойынша айыпты деп тауып, 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

«Сотталушы Айдос Уәлиевтің айыбы толық дәлелденді деп санаймын. Алайда оның бұрын сотталмағанын, қартайған ата-анасының бар екенін, іс бойынша шығынның жоқтығы ескерілді. Сол себепті сотталушының 4 жылға бас бостандығы шектелсін. Сотталушы сот залынан босатылсын. Пробациялық бақылау орнатылсын», - деді үкімді оқыған судья.

Жәбірленушілер белгілі Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мен Алматы тұрғыны Рауанбек Қуанов. Сотталушы екеуінің көлігінен айналарын ұрлап кеткен.

Алдыңғы сот отырысында сотталушы жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды толығымен өтеген болатын.

Бұған дейін прокурор оны 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске сала кетейік, оқиға 1 сәуірде болған. Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің Toyota Land Cruiser көлігінің айнасын біреулер ұрлап кеткен болатын.

Осыдан бір жыл бұрын сол жерде Денис Теннің көлігінің айнасын ұрлағандар спортшыны пышақтап кетті, ол кейін ауруханада көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Сот,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT