Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған ұры тағы ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған ұры тағы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті Айдос Валиевті жақында тағы ұстады.
«Айдос Валиев бірнеше қүн бұрын полицияның назарына ілінді. Оның осы уақытқа дейін көлік айнасын ұрлауға қатысты 10 қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Оның бірі 27 тамызда болған. Ол Сәтпаев - Уәлиханов көшелерінің қиылысында «Ренж Ровер» автосының екі айнасын алып кеткен. Валиев қазір уақытша оқшаулау орнына қамалды», - дейді қалалық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.
32 жастағы Айдос Валиев осыдан 1 айдай уақыт бұрын сотталған болатын. Сот отырысында ол жылап, түзу жолға түскенін айтты. Сөйтіп соттан бас бостандығынан айырмауды сұраған еді.
«Алайда ол түзелу жолына түспеген. Тергеу амалдары жалғасып жатыр»,- дейді департамент басшысы.




Соңғы жаңалықтар