Дмитрий Баландин Түркиядағы турнирде «алтын» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияда жүзуден өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесімен таныстырады. 100 метрге шалқалап жүзуден Әділ Қасқабай төртінші орын иеленді. Әйелдер арасындағы осы қашықтықта Анастасия Резанцева алғашқы төрттіке енген. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге «брасс» әдісімен жүзуде топ жарды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 10.11 секундта жүзіп өтті. 50 метрге еркін әдіспен жүзуде Александр Варакин топ жарса, 200 метрге «баттерфляй» әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бесінші орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар төрт медаль жеңіп алған болатын.



Соңғы жаңалықтар