Дмитрий Баландин сыйға алған автокөлігін әкесіне береді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Суға жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы, Дмитрий Баландин Алматы әкімдігі атынан сыйға алған автокөлігін әкесіне береді.

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек спортшыға Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты жаңа тұрғын үйден үш бөлмелі пәтер мен

«Банк РБК» АҚ атынан «Toyota Land Cruiser-200» автокөлігінің кілтін табыс еткен болатын.

«Машинаны әкеме тарту етуді жоспарлап қойдым. Маған мұндай үлкен машинаға отыруға әлі ертелеу. Ал мына жаңа пәтерде тұратын боламын. Кең, сондай ыңғайлы пәтер екен. Әрі тыныш ауданнан», - деді Д. Баландин.    

Сондай-ақ, ол алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Алдағы уақытта жаттығатын боламын. Әлі нақты жоспар құрған жоқпын. Жаттықтырушылармен бірге талқылау керек. Жақын уақыттағы жоспар - алдағы жылы болатын Әлем біріншілігі. Түпкі мақсат - Токио Олимпиадасы», - деді спортшы.

Сонымен қатар, бүгін бокстан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімоваға қала әкімі Медеу ауданынан бір бөлмелі пәтер кілті мен жеке кәсіпкер сыйлаған «Toyota Land Cruiser Prado» көлігін тарту етті.

Соңғы жаңалықтар