Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазанда жүзуден Ресей чемпионаты жалғасып жатыр. Төртінші жарыс күнінде спортшылар 200 м қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша іріктеу өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санат бойынша қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды. Ол тиісті қашықтықты 2:11.61 уақытта жүзіп өтті. Ресейлік Антон Чупков 2:09.98 уақытта бағындырып, іріктеуде көш бастады. Айта кетерлігі, жартылай финалдық бәсеке 6 сәуір күні өтеді.


Соңғы жаңалықтар