+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Дмитрий Баландин Қытайдағы Champion Swim Series турнирінде тағы да қола еншіледі

2020 жылғы 18 қаңтар 16:33
Бөлісіңіз:
Дмитрий Баландин Қытайдағы Champion Swim Series турнирінде тағы да қола еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дмитрий Баландин Қытай астанасы - Бейжің қаласында өтіп жатқан Champion Swim Series турнирінің екінші жарыс күнінде брасс әдісімен 100 метрге жүзуде үшінші орын алды. Оның нәтижесі 1:00.00 көрсеткішін құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Стенд ату: Қазақстандық спортшылар Олимпиада жолдамасына таласады Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді Қазақстан дзюдодан Еуропа жастар кубогын сәтті бастады

Бұл қашықтықты 58.83.00 уақытта бағындырған қытайлық Ян Цзыбей бірінші орын алса, күміс жүлдеге 58.95.00 көрсеткішімен нидерландтық Арно Камминг ие болды.

Естеріңізге сала кетелік, Д.Баландин Оңтүстік Кореяның Шэньчжэн қаласында өткен жарыста бұл қашықтықты 1:00:55 көрсеткіші бойынша бағындырған болатын.


Бұдан бұрын Д.Баландин Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен Champion Swim Series турнирінің бірінші кезеңінде 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде үшінші орын алса , брасс әдісімен 200 метрге жүзуде де сол жетістігін қайталады.

Айта кетерлігі, ол 2019 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен су спорты түрлерінен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде 59:09 көрсеткішіне қол жеткізген еді. Бұл Қазақстан рекорды ретінде тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT