Дмитрий Баландин Қытайда екінші «қола» иеленді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Баландин Қытайдың Шеньчжэнь қаласында өтіп жатқан Champion Swim Series турнирінің екінші жарыс күнінде брасс әдісімен 200 метрге жүзуде 2:13.58 нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
Бірінші және екінші орындар нидерландылық Арно Камминга (2:09.00) мен неміс Маркусу Кохқа (2:09.81) бұйырды.
Champion Swim Series Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) турнирі және Шеньчжэнь қаласында оның бірінші кезеңі өтуде. Жалпы жүлде қоры 1,2 млн долларды құрайды.
Champion Swim Series турнирінің екінші кезеңі 18-19 қаңтар күндері Бейжіңде өтеді.
Бұған дейін, қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин брасс әдісімен 100 метрге жүзуден 1:00.55 нәтижесін көрсетіп, «қола» иеленген болатын.
- Футболдан Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды
- Хоккей: «Барыс» ресейлік «Нефтехимик» командасын жеңді
- Теннисші Александр Недовесов Анталия турнирін сәтті бастады
- Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде бірқатар қазақстандық рингке шығады
-
Шахмат: Чемпиондық тәж сарапқа салынатын турнир Дубайда өтетін болды
-
Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам