Дмитрий Баландин Кванджудағы әлем чемпионатында жетінші орын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласындағы әлем чемпионатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден финалдық сын аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Дмитрий Баландин аталған қашықтықты 59.14 секундта жүзіп, жетінші орын иеленді.

Айта кетелік, жартылай финалда Баландин 100 метрді 59.03 секундта жүзіп, Қазақстан рекордын орнатқан болатын. Бұл сында британдық Адам Пити жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 57.14 секунд. Екінші орында Адамның отандасы Джейм Уилби (58.46). Үздік үштікті қытайлық Ян Забей (58.63) қорытындылады.

Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуден олимпиада жолдамасын иеленгенін естеріңізге саламыз

Соңғы жаңалықтар