+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлаған күдікті анықталды

2019 жылғы 1 сәуір 12:28
Бөлісіңіз:
Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлаған күдікті анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлік айнасын ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дерекке байланысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

«Қалалық Криминалды полиция басқармасы кешенді тергеу-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сыртқы бейнебақылау камераларындағы видео алынып, ұрлық жасаған адамның жеке тұлғасы анықталды», - деді Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, ұрланған затты сатып алған саудагерлер анықталуда.

Криминалды полицияның хабарлауынша, қылмыскер тура сол күні «Рэндж Ровер» көлігінің де айнасын шешіп кеткен.

Жалпы Алматыда биыл ұрлық қылмысының көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе азайған. Осындай ұрлықтардың басым көпшілігі ізі суымай ашылды. Жыл басынан бері 30 адам ұсталып, 3 қылмыстық топ әшкереленді.

Еске салсақ, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жүзуден Олимпиада жеңімпазы Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлау фактісі турал айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT