+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлаған күдікті 3 жылға сотталуы мүмкін

2019 жылғы 9 тамыз 13:28
Бөлісіңіз:
Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлаған күдікті 3 жылға сотталуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда прокурор Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің айнасын ұрлаған күдіктіні 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Іс №2 Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. Күдікті Айдос Уәлиев ҚР ҚК 188-бабы бойынша жауап беріп жатыр.

Жәбірленушілер белгілі Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мен Алматы тұрғыны Қуанов Рауанбек. Сотталушы екеуінің көлігінен айналарын ұрлап кеткен.

Еске салсақ, алдыңғы сот отырысында сотталушы жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды толығымен өтеген болатын.

«Барлық дәлелдер заңды түрде жиналды. Күдікті Айдос Уәлиев ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша айыпты деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Ол жазасын қауіптілігі орта дәрежедегі орында өтесін», - деді мемлекеттік айыптаушы - прокурор Арман Оразбақов.

Ал Айдос Уәлиев соңғы сөзінде жылап жіберді.

«Мен айыбымды мойындаймын. Қылмыс жасағаныма өкінемін. Мен түрмеде отырып намаз оқи бастадым, тәубама келдім. Маған соңғы рет мүмкіндік берулеріңізді сұраймын. Мен өзгеремін. Отбасын құрып, бала сүйгім келеді. Мені қамамаңыздар»,- деді сотталушы.

Еске сала кетейік, оқиға 1 сәуірде болған. Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің Toyota Land Cruiser көлігінің айнасын біреулер ұрлап кеткен болатын.

Осыдан бір жыл бұрын сол жерде көліктің айнасын ұрлағандар мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтап кеткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT