Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Дмитрий Баландин әлем чемпионатының финалына жолдама алды

2019 жылғы 21 шілде 19:41 216
Бөлісіңіз:
Дмитрий Баландин әлем чемпионатының финалына жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Баландин жүзуден Кванджуда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұқсас жаңалықтар


100 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен жартылай финалдық бәсекеде Баландин алтыншы орын иеленді. Ал жартылай финалға жолдама беретін іріктеу сынында қазақстандық спортшы 13-ші нәтиже көрсеткен болатын. Жартылай финалда Баландиннің басты қарсыластары түгелдей сынға түсті.

Атап айтар болсақ, осы қашықтықтағы әлем рекордшысы әрі олимпиада чемпионы, ұлыбританиялық Адам Пити мен іріктеу сынында үшінші орын алған жапониялық Ясухиро Косеки біздің спортшыға басты қарсылас атанды.

Дмитрий өз тобында 59.03 уақыт көрсеткішімен төртінші орыннан көрінді. Ал жартылай финалдағы жалпы есеп бойынша алтыншы орынға табан тіреп, үздік сегіздік сынға түсетін финалға жолдама алды. Ертең өтетін финалдық бәсекеде Дмитрий Баландин, Адам Пити (Ұлыбритания), Ясухиро Косеки (Жапония), Антон Чупков (Ресей), Ян Забей (Қытай), Эндрю Уилсон (АҚШ), Кирилл Пригода (Ресей) сынға түседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT