Дизель отынына қатысты ешқандай проблема жоқ - Қанат Бозымбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде дизель отынына қатысты проблемалар бар деген ақпаратты растамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дегенмен де министр отын бағасының өсуі фактілері Астанада немесе Ресеймен шекаралас өңірлерде болуы мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Еліміз бойынша орташа көтерме баға 188-189 теңге шамасында. Күн сайын таңертең ел аумағындағы жанар-жағармай құю стансаларынан жедел ақпаратты алып отырамыз. Жоғары баға кездесіп жатады, бірақ оның барлығы Ресейден импортталатын дизельдік отын. Жалпы, елімізде дизель отынымен қамтамасыз етілуге қатысты ешқандай проблема жоқ. Баға факторы тұрғысында нарық қарашада тұрақтанады деп ойлаймыз», - деді министр Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Соңғы жаңалықтар