Дизель отыны ішкі нарығын реттеудің тұжырымдамалық тәсілдері пысықталуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дизель отыны ішкі нарығын реттеудің тұжырымдамалық тәсілдері пысықталуда. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі нарықта дизель отынының төмен бағасы тұтынудың күрт өсуіне әкеп соқты. Оның ішінде - транзиттік көліктің дизель отынын құю, мұнай базаларынан көлеңкелі ағылу есебінен. Негізгі шыңы 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларына келді. Ай сайын шамамен - 520 мың тонна. Нәтижесінде ішкі нарықта отынның жетіспеушілігі және шекаралас мемлекеттер экономикасын жанама субсидиялау пайда болады. Бұрын қабылданған іс-шаралармен қатар, бүгінгі күні ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін Үкіметпен келесі жұмыс жүргізілді: «АМӨЗ» ЖШС-нің жоспарланған жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды; осы жылғы қазан айында «АМӨЗ» ЖШС мен «ПҚОП» ЖШС 100 мың тонна көлемінде қосымша мұнаймен толтырылды, бұл өз кезегінде желтоқсан айының бірінші он күндігінде қосымша 29 мың тонна дизель отының өндіруге мүмкіндік береді; - «ПНХЗ» ЖШС-інде мұнайдың бастапқы өңдеу кешенінің жөндеу жұмыстары ауыстырылды, бұл өз кезегінде осы жылғы қазан айының бірінші он күндігінде қосымша 30 мың тонна дизель отынын өндіруге мүмкіндік берді; Ресей Федерациясынан 100 мың тонна дизель отынын жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оның 43,5 мың тоннасы қыркүйек айында, ал 1-20 қазан аралығында шамамен 64,5 мың тонна жеткізілді», - делінген Үкімет басшысы орынбасарының жауабында.

Оның атап өтуінше, осы жылғы тамыз айында авто жанар-жағармай құю стансалары ірі желілерімен Ресей Федерациясынан дизель отынын жеткізу жұмыстарын тездету туралы кеңес өткізілді. Сондай-ақ, биыл 12 қазанда бұл мәселе Үкімет отырысында қаралды. Қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ірі мұнай базаларына қатысты дизель отынын өткізуді жасанды шектеу мәніне тексеру жүргізу, барлық мұнай базаларын нақты уақыт режимінде жанар-жағармай материалдары қалдықтарының деңгейін қадағалауға мүмкіндік беретін автоматты деңгей өлшеуіштермен жарақтандыру мәселесін пысықтау тапсырылды.

«Бүгінде ішкі нарықты реттеу бойынша тұжырымдамалық тәсілдер пысықталуда. Сонымен қатар, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің ортақ қағидаттары мен ережелері туралы» хаттамаға сәйкес Одақтың мүше мемлекеттерінде мұнай өнімдеріне мемлекеттік бағаны реттеуге жол берілмейтінін атап өтеміз», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар