Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық кәсіпкер бас бостандығынан айрылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Қызылорда облысында жеке кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада өткізгені үшін 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталып, тергеу барысында ол бұрын 93 миллион теңгеге өзі өткізген тағы 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмаған», - делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстанда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы тоқтатылды.




Видеодан алын ғ ан кадр

Соңғы жаңалықтар