Дивизион командирінің алаяқтық қылмысы әшкере болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында дивизион командирі алаяқтық фактісімен ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облыстық департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери қарсы барлау басқармасының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен бірлесіп, облыстағы әскери бөлімнің екінші дивизион командирі мен екі азаматтың алаяқтық фактісін анықтады», - деді Арман Бердалин.

Оның дерегінше, күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы, 1-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істе оң шешімге жәрдемдесу үшін осы әскери бөлімнің батарея командирін алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы алдын ала келісілген 5 млн теңге параның 1,7 млн теңгесін иемденген.

«Кінәсін толық мойындауына байланысты командирге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Күдікті екі тұлғаға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», - деді департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар