Диссертация қорғау онлайн форматқа көшеді - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп директорлары 3 жыл сайын аттаестациядан өтіп тұруға міндеттеліп отыр. Бұл сыннан жақсы нәтиже көрсеткен басшылар ай сайын айлығының 100 пайызы көлемінде үстеме ақы алуы мүмкін. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында осы өзгерістердің өмірге қалай енгізіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр 2021 жылы іске асқан бастамаларды санамалай келіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделі әзірленгенін айтады. Бұдан былай балабақшаларда дәстүрлі 20 минуттық сабақтың орнына ойын және коммуникация әдістемесі енгізіледі.

Сондай-ақ ол 2021 жылы ҰБТ электронды форматқа көшірілгенін, докторантураға түсу үшін емтихан алғаш рет орталықтандырылып, электронды форматта өткізілгенін, магистратураға және докторантураға түсу мүмкіндігі талапкерлерге жылына екі рет беріле бастағанын атады.

«Диссертациялық кеңес қызметтерінің Ережелері толығымен өзгерді. Олардың жұмыстарының сапасын жақсарту маңызды. Біздің Комитетке 40-қа жуық кеңестің жұмысын тоқтатуға тура келді. Сонымен қатар осы Ережелер қабылданғаннан кейін қорғалатын барлық диссертациялар қолжетімді болды. Ал қорғау процедурасы енді міндетті түрде онлайн-трансляция арқылы жүзеге асырылады. Бұл Ережелерде басқа да маңызды нормалар қарастырылған», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар