Диспансерлік есепте тұрған науқастар вакцина алуы керек пе?

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят диспансерлік есепте тұрған науқастардың, созылмалы аурулары бар адамдардың вакцина алу мүмкіндігі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір вакцинаны кімнің алмауы керектігі туралы тұрақты ережелері бар. Қазір қандай да бір сырқатпен ауырып жүрген адамдарға жазылғанға дейін вакцина алмауға болады. Осы вакцина құрамындағы кейбір элементтерге гиперсезімталдығы, яғни, аллергиялық реакциясы болса, ауыр аллергиялары бар адамдарға вакцина алмауға болады. Олардың бәрі – арнайы есепте тұрған адамдар», - деді ведомство өкілі.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары тіпті созылмалы аурулары бар адамдарға да қазір да дәрігерлер уақытша медцициналық қарсы көрсетілм беріп жатқанан еске салды.

«Тек қант диаебтінің өте ауыр сатысына жеткен науқастарды дәрігерлер қарауы керек. Емдеп, қан талдауларын жақсартқаннан кейін ол адамдарға да вакцина салынып жатыр. Өйткені өлім-жітім өте көбейіп кетті. Күніне 60-тан астам өлім тіркеліп отыр», - дейді Ажар Ғинаят.

Вице-министр диспансерлік есепте тұрғанның бәрі вакцина алмауы керек деген түсінік дұрыс емес екенін түсіндірді.

«Диспансерлік есепте 12 мыңнан астам ауру бар. Сол аурулардың ішінде тек қана ауыр аллергиясы бар адамдарға медициналық қарсы көрсетілім беріліп жатыр. Қалған адамдарға денсаулығына байланысты шешім қабылданады. Егер созылмалы аурулары асқынып тұрмаған болса, екпе алуы керек», - деді министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар