Discovery Chanel телеарнасының Елбасы туралы 1991 жылғы сюжеті жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің баспасөз қызметі 1991 жылдың қыркүйек айында Discovery Chanel телеарнасының эфиріне шыққан World Monitor (авторы Саймон Маркс) бағдарламасының архивтік сюжетін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбукте төрт минуттық видеоны жариялап: «Бір айдан соң, 27 қазан күні Елбасы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі басшылығының шақыруымен осы елге ресми сапармен аттанып кетті», - деп жазған.

Видеода Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс үстіндегі процесі мен демалысы, әріптестері мен отбасы, мінберден сөз сөйлеу сәттері мен кездесулері көрсетілген.

«Ең ауыр, қиын жұмыс әрдайым экраннан тыс, юпитерден тыс қалады. Сондықтан қазіргі қиын уақытта халықтың сеніміне ие болып, Президент атану - қызыл кілемдер мен телевизиялық камера емес, бұл, негізінен, өз-өзіңді шектеу және еңбек. Бұл менің ойым. Ол шынтуайтында солай», - деп атап өтті телеарнаға сұхбат берген Қазақстан Президенті.

 

Соңғы жаңалықтар